Түркістандық 40-тан астам ұстаз Түркияда тәжірибе алмасып қайтты

18 Қаңтар, 2019 891 0

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен 9-14 аралығында 40-тан аса ұстаз Түркия елінде тәжірибе алмасып қайтты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Анадолы жеріне табан тіреген түркістандықтар әуелі Ыстанбұл қаласындағы Абай атындағы мектепке ат басын бұрды. Заманауи үлгідегі мемлекеттік мекемеде білім берудің жаңа технологияларымен танысып, «Doga» колледжінде қонақта болды. Студенттер техникалық білімдерімен, ғылыми ізденістерімен, халықаралық жетістіктерімен ерекшеленеді.  

Айта кетерлігі, Түркияда оқу жылы 15 қыркүйекте басталып, 15 маусымда аяқталады. Онда мемлекеттік, жекеменшік және кешкі  мектептер бар. Оқу жылы 2 жартыжылдыққа бөлінеді. Апталық жүктемеге 20-24 сағат ағылшын,  5-9 сағат неміс тілі енгізілген. Таңдау пәндеріне сай ата-аналар балаларына дін, аспаздық, өнер сабақтарын үйретуге  құқылы. Қыздар мен ер балалар бөлек сыныптарда білім алады. Шахмат пәні аптасына 8 сағат өткізіледі. Робототехника мектеп қабырғасында міндетті саналады. Дене шынықтыру сабағының  10-12 сағаты  бассейінге арналған.

Облыс басшысының қолдауымен қолға алынған айрықша жоба жыл соңына дейін жалғасады. 



Тегтер: ұстаз, тәжірибе, Түркия, Түркістан, мұғалім, білім

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.