Ағылшын тілін ақысыз үйрен

Ағылшын тілін ақысыз үйрен

ашық дереккөзі

 width= Топ-10 ағылшын тілін үйрететін қосымшалар. Барлығын бірдей игеруге тырыспаңыз. Тіл үйренуді "білімді боламын" деп  емес, "басқа елдерге саяхаттаймын" деген мақсатта оқысаңыз тез меңгересіз. Quizlet Жаңа сөздерді жадымызда сақтау, жаңа тіл үйренудегі ең қиын этап екенін білеміз. Алайда, Quizlet-те сіз өзіңізге қажетті сөздіктер тізімін жасап, әртүрлі жаттығулар көмегімен жаңа сөздерді жаттай аласыз. IOS және Android үшін мобильді қосымша бар және ыңғайлы. Learn English with TV Series Барлық сериялары әлемге танымал және сүйікті көрермендері көп. Қазір қызықты тапсырмалар бере отыра, лексикалық және грамматикалық құрылымдарды талдаумен айналысады. BBC Learning English Ең танымал британдық медиа ресурс. Ағылшын тілін үйренушілерге ақысыз курстар мен жаттығулар ұсынады. Деңгейіңізге қарай тапсырмалар береді. LyricsTraining Бұл қосымшамен сіз тыңдау арқылы жаңа сөздерді үйренесіз. Шетелдік сүйікті әншіңізбен бірге ән айтып, мағынасын түсінесіз. Ағылшын тілінен бөлек оннан астам басқа тіл бар. TED Talks Ағылшын тіліндегі ғылыми сайт. Қойылымдар мен дәрістер субтитрмен берілген. Сондықтан таныс емес қиын сөздерден қорықпауыңызға болады. Grammar.net Ағылшын тілінен бірінші деңгейдегі адамдар үшін пайдалы ресурс. Біз сізге күрделі лексиканы түсінетін инфографикалық бөлімді мұқият қарап шығуға кеңес береміз. Englishfox.ru Сіз белгілі бір тақырып бойынша жаңа сөздер іздесеңіз де, грамматиканы қайталағыңыз келсе немесе Эллен шоуының соңғы шығарылымын субтитрмен қарағыңыз келсе осы сайтқа жүгініңіз. Барлығы бар. Coursera Әлемнің жетекші компаниялары мен университеттері ұсынған  әртүрлі бағыттағы курс. Видеосабақтардың көбі орыс тілді субтитрмен  берілген. Егер сіз ағылшын тілін игеруіңізге сенімсіз болсаңыз,Барбара Оклидің «Үйренуді үйреніңіз» курс сабақтарын  көріңіз. Біраздан кейін сіз бәрін дерлік түсінетіндігіңізді байқайсыз. British Council Тілді оқытуға арналған практикалық ресурс. Оқу материалдары үш топқа бөлінеді: балалар, жасөспірімдер және ересектерге арналған. Documentary Heaven Деректі фильм көргенді ұнататындарға таптырмас сайт. Олардың ішінде сіз өзіңіздің талғамыңызға сәйкес тақырыптарды таба аласыз: археология, ғарыш, спорт, бизнес және танымал адамдардың өмірлері туралы деректі фильмдерді көре отыра ағылшын тілін үйренесіз.  

Жүктелуде...