Ақмола облысында әкім мен оның орынбасары 3 млн теңге пара алып жатқан жерінен ұсталды

18 Қаңтар, 2019 720 0

Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафин мен оның орынбасары ұсталды деп жазады kokshetau.asia.

17 қаңтар күні сағат 18:30-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерлері Зеренді ауданының әкімі Мереке Мұстафин және оның орынбасары Екілас Мұқашевті әкімдік ғимаратында 3 миллион теңге пара алып жатқан жерінен ұстады.

Бұл фактіні Ақмола облысы жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы да растап отыр. Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Еске сала кетейік, Мереке Мұстафин 2017 жылы 20 желтоқсанда Зеренді ауданының әкімі боп тағайындалған. 


Дереккөз: sn.kz 


Тегтер: жемқорлық, әкім, пара, парақорлық, шенеунік, бюро

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.