Әйелінің сұлу келбетін қызғанып, өртеп жіберген
Әйелінің сұлу келбетін қызғанып, өртеп жіберген
Өзбекстанның Самарқан қаласында ер адам әйелін сұлулығы үшін өртеп жіберді. Әйелі бір айдан аса ауруханада жатты. Жәбірленуші соттан әділ шешім сұрады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Мен оның сұлулығына басқа ер адамдар қарағанын қаламаймын. Бұл айыпталушының Самаркан қалалық қылмыстық сотының сот залында айтқан сөзі.
36 жастағы ер адам кінәсін мойындады. Ол әйеліне бензин құйып, оны өртеуді ұйғарған. Айыпталушы әйелін тартымды келбеті үшін өзгелерден қызғанған.
Оның айтуынша, қазір оған ешкім қарамайды. Ол бірге өмір сүру кезінде әйелінің опасыздық жасамағанын айтты. Алайда әйелі өте әдемі және бәрі оған қарайды деген қорқыныш маза бермей келген.
Оқиғадан кейін зардап шегуші бір айдан астам уақыт комада жатты. Қыз денесінің 25% күйік алды. Оның бетінде, оң қолында және дененің әртүрлі бөліктерінде тыртықтар бар.
Сотта күйеуіне қарсы куәлік беру кезінде әйел өзінің кінәсіздігін мәлімдеді және сот орындаушыларынан сотталушыға ең әділ жазаны тағайындауды сұрады.
Қылмыстық кодекстің 104-бабына сәйкес (қасақана ауыр зиян келтіру) сот ер адамды кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айырды.