Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
12 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Ақсукент: Карантин режимін сақтау барысындағы жұмыстар жалғасуда

Ақсукент: Карантин режимін сақтау барысындағы жұмыстар жалғасуда

Ақсукент: Карантин режимін сақтау барысындағы жұмыстар жалғасуда
ашық дереккөзі

Бүгін Сайрам ауданының орталығында карантин режимінің талаптарын сақтау туралы рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды.

Рейд барысында Ақсу елдімекені, Абылайхан көшесінің бойында орналасқан «Қазпочта» АҚ-ның бөлімшесі мен екінші деңгейлі «Халық Банк» АҚ бөлімшесінің қызметін тұтынушылардың арақашықтық сақтауы, сондай-ақ, халыққа санитарлық талапқа сай қызмет көрсетуі назарға алынды.

Сондай-ақ, аудан тұрғындары көп жиналатын «Ақмаржан», «Сүйімбеков», «Әділ» көтерме сауда орталықтары мен «Мереке», «Сайрам», «Д.АзНұр», «Достық», «Эль Нұр», «Әлеуметтік базар», «Керзібай қажы» базарларында, ет сату павилионы және сол маңдағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарына да бақылау жүргізілді.

Аудан әкімінің орынбасары Б.Олжаевтің жетекшілігімен өткен рейдтік іс-шарада Сайрам аудандық полиция қызметі, Сайрам аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары, кәсіпкерлік бөлімінің және Ақсукент ауылдық округінің қызметкерлері қатысты.

Аудан тұрғындарына карантин талаптары түсіндіріліп, жеке кәсіппкерлерге, азаматтарға, нысан басшыларына ескертулер жасалды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы іс-шаралар тұрақты жалғасын табады.