Жаңалықтар

Бөлім басшыларының есебін тыңдады

Бөлім басшыларының есебін тыңдады

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков барлық сала бойынша 13 бөлім басшысының 7 айда атқарған жұмыстары жөніндегі есебін тыңдады. Бұл туралы e.gov сайтына NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды.

Атқарылған жұмыс барысын әлі де жетілдіруді қажет деп таныған Ұ.Сәдібеков бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, көңіл толмайтын мәселелердің барын алға тартып, кемшіліктерді түзетуге екі апта уақыт берді.

Аталған мерзімде орындалмаған тапсырма үшін жауапты қызметкерлерге шара көрілетіні туралы ескертті.