Жаңалықтар

Оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді

Оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді

Биылғы жаңа оқу жылының бір ерекшелігі - оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді. Классикалық үлгіде киінсе болғаны. Ал 1 қыркүйектен бастап барша білім беру мекемелері жұмысын онлайн жүйеде жүргізе бастайды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды.

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысу үшін мектептерді аралады. Білім беру мекемелерінің бәрі қызмет көрсетуге дайын.

Алайда, карантин режиміне байланысты 2020-2021 жаңа оқу жылында оқушылар "Мектеп онлайн" платформасы арқылы қашықтан оқытылады. Қазір 1-11 сыныптарға оқулық таратылуда.

Айта кетейік, Сайрам ауданындағы 42 елді мекеннің 29-ында интернет, Activ, Beeline, Altel, Tele2, Kcell ұялы байланыс жүйелері бар. Аталған аумақта 3G, 4G деңгейлі интернет 50 мыңнан астам оқушыны қамтиды.

Ал 13 елді мекенде 2G, Н деңгейлі, тіпті интернет пайдалану мүмкін емес мекенжайлар да бар. Бұл 13 ауылда 6115 оқушы тұрады. Оларға дәріс «Балапан» және «Абай» жаңа телеарнасы арқылы жүргізілмек.