Жаңалықтар

Сайрам Ауданы Ақсукент ауылындағы №5 М.Горький атындағы мектебінің жанынан 300 орындық жаңа оқу корпусы бой көтерді.

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков жаңа оқу ғимаратын аралап, мектептің 2020-2021 оқу жылына дайындығын пысықтап қайтты. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл Сайрам ауданында 1 жаңа мектеп, 2 қосымша мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 6 мектеп күрделі жөндеуден, барлық мектеп ағымдағы жөндеуден өтті.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес 39 мектепте сыртқы әжетхана ішке орналастырылып, оқушылардың қауіпсіздігіне жағдай жасалды.

Жаңа оқу жылы қашықтан оқыту үрдісінде басталуына орай, ерекше категориялы 6998 баланы компьютермен қамтамасыз ету жоспарлануда.