Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру
Құрметті оқырман, парақшамыздың бүгінгі #oqy&toqy айдарында аты-жөнін өзгерткен кезде берілетін анықтаманың телнұсқасын қайта алу жайлы айтатын боламыз.Бұл туралы Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметіне NewsRoom+Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабалайды.
Ол үшін:
📌Egov.kz порталына кіріңіз;
📌Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;
📌Қызметті онлайн сұратыңыз;
📌Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;
📌Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы деректерді порталға енгізіңіз;
📌Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;
📌Үшінші қадамда төлем мәртебесі жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;
📌Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;
📌Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.
📍Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.
📍Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.
«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы»