Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру

ашық дереккөзі

Құрметті оқырман, парақшамыздың бүгінгі #oqy&toqy айдарында аты-жөнін өзгерткен кезде берілетін анықтаманың телнұсқасын қайта алу жайлы айтатын боламыз.Бұл туралы Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметіне NewsRoom+Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабалайды.

Ол үшін:

📌Egov.kz порталына кіріңіз;

📌Іздеу жолы арқылы «Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәлікті қайталап алуға өтініш беру» қызметін табыңыз;

📌Қызметті онлайн сұратыңыз;

📌Аты-жөніңіз, тегіңіз жайлы ақпаратты толықтай жазып шығыңыз;

📌Аты-жөніңіздегі өзгерістер жайлы жазбалар тіркелген АХАТ бөлімі  және дайын құжатты алатын ХҚО мекенжайы туралы  деректерді  порталға енгізіңіз;

📌Екінші қадамда қызмет үшін мемлекеттік БАЖ салығын төлеңіз;

📌Үшінші қадамда төлем мәртебесі  жайлы ақпаратты «жаңарту» арқылы порталға шығарыңыз;

📌Төртінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз;

📌Қызметтің нәтижесін жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан көре аласыз.

📍Қызмет құны 1 айлық есептік көрсеткіш.

📍Қызмет АКТ жазбалары сұрауының орындалуына қарай 30 күнтізбелік күнге дейін созылуы мүмкін.

«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы»

Жүктелуде...