Онлайн қабылдау

Онлайн қабылдау

ашық дереккөзі

Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков тұрғындарды жеке мәселесі бойынша онлайн қабылдады. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметіне NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды.

Кезекті қабылдауға Ақсукент, Қайнарбұлақ,Қарасу ауылдық округтерінің тұрғындары жазылып, "Еңбек" бағдарламасы аясында берілетін грант, жаңа оқу жылына дайндық, жылыту маусымына байланысты сұрақтарына жауап алды.

Сондай-ақ, аудан тұрғындары жер алу мәселесі және облыстық маңызы бар КХ-37 "Шымкент-Қызыләскер-Түйетас" жолына бейнебақылау камерасын орнату жөнінде сұрақ қойды.

Аудан басшысы жер алу кезегінде 17 мыңнан астам аудан тұрғыны кезекте тұрғанын алға тартып, мемлекет тарапынан әзірге бұл мәселені шешімі табылмағанын ашып айтты.

Ал, облыстық маңызы бар КХ-37 автожолында қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бағдаршам орнату үшін аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан ұсыныс жолданады.

Сондай-ақ, Ұласбек Сәдібекұлы Қарасу ауылында жайылымдық жерге қатысты сұрақ шешімін табуы мүмкін. Қазіргі таңда ауыл округ әкім аппараты жайылымдық мақсаттағы бос жерлерді анықтау бағытында жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Жүктелуде...