Коронавирус: бір аптада 108 адам қайтыс болды
Коронавирус: бір аптада 108 адам қайтыс болды
Қазақстанда 17 және 23 тамыз аралығында коронавирус инфекциясынан 108 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Науқастар көп қайтыс болған өңірлер арасында Алматы, Шығыс Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы бар. Алматыда бір аптада 32адам қайтыс болды, Шығыс Қазақстан өңірінде 17 науқас, астанада 16 адам көз жұмды. Бір аптада елімізде 108 адам қайтыс болды:
- Ақмола облысында – 6 адам;
- Алматы облысында – 2 адам;
- Жамбыл облысында – 2 адам;
- Атырау облысында – 3 адам;
- Батыс Қазақстан облысында –8 адам;
- Қарағанды облысында – 5 адам;
- Қостанай облысында – 1 адам;
- Маңғыстау облысында – 1 адам;
- Қызылорда облысында – 1 адам;
- Шығыс Қазақстан облысында – 17 адам;
- Павлодар облысында – 6 адам;
- Нұр-Сұлтан қаласында – 16 адам;
- Алматы қаласында – 32 адам;
- Шымкент қаласында – 8 адам.