Ф. Қаратаев: "Өңірдегі жағдайға қатты алаңдадым"
Ф. Қаратаев: "Өңірдегі жағдайға қатты алаңдадым"
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Қаратаев Сайрам ауданындағы жаңадан пайдалануға берілген емханаға барып, жұмысымен танысып қайтты.
- Өңірдегі жағдайға қатты алаңдап, бәрін көзбен көруге, қолдан келгенше көмек беруге асықтым. Ал қазір көріп, көз жеткізген соң көңілім көншіді. Осындай аасапыран кезде өз денсаулығына төнетін қауіп-қатерді ұмытып, аянбай қызмет еткен медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, - деді Ф.Қаратаев.
Бұл туралы e.gov сайтына NewsRoom+ Ақпарат тілшісі сілтеме жасап хабарлайды.
Мәжіліс депутаты дәрігерлермен және қабылдауға келген аудан тұрғындарымен сұхбаттасып, емханадағы жасалған жағдайға оң көзқарасын білдірді.
Ауысымына 500 адамды қабылдай алатын жаңа емхана 20 төсек-орындық күндізгі стационарда емделушілерді қабылдап, заман талабына сай жедел жәрдем қызметін көрсетеді.
Ел Президентінің басшылығымен індеттің таралуына қарсы іс-шаралардың мәнін түсіндірген Ф.Қаратев емханадағы желдету жүйесінің жоқтығына назар аударды. Аталған кемшілікті жою мақсатында Түркістан облыстық құрылыс басқармасымен келіссөздер жүргізетінін тілге тиек етті.