4 жолсерік қоғамдық орынды ластағаны үшін жазаланды
4 жолсерік қоғамдық орынды ластағаны үшін жазаланды

«Құқықбұзушы жолсеріктер вагоннан шыққан комуналдық қалдықтарды Достық станциясындағы темір жол вокзалының маңайына тастап, қоғамдық орынды ластаған. Жолсеріктерге 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды» деп мәлім етті көлік полицейлері.Еске сала кетейік, 23 шілде мен 30 тамыз аралығында Көліктегі полиция департаменті мен оның желілік бөліністерінің қызмет көрсету аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Акцияның мақсаты – азаматтарды қоғамдық ортаны таза сақтауға шақыра отырып, экологиялық заңбұзушылықтарды анықтау және оның алдын алу.