Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Алматыда арықтан нәресте табылды: сәбидің жағдайы қалай?

Алматыда арықтан нәресте табылды: сәбидің жағдайы қалай?

Алматыда арықтан нәресте табылды: сәбидің жағдайы қалай?
ашық дереккөзі
 width= Алматыда арықтан табылған нәрестенің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан сілтеме жасап хабарлайды.
«Кеше түнгі сағат 00:38-де Райымбек даңғылында орналасқан «Maxima» ойын-сауық сауда орталығының маңына жедел медициналық жәрдем қызметіне шақырту түсті. Оқиға орнына жеткен мамандар салмағы 3 килограмм, бойы 52 см болатын жаңа туған нәрестені анықтады. Мамандар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бірден балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізді. Қабылдау кезінде баланың жағдайы гипотермияға байланысты ауыр болған (дене температурасы 34,5). Қазір жағдайы орташа, дене температурасы қалыпты. Нәресте белсенді түрде өздігінен еме алады»,– деп хабарлады басқармадан.
Қазір жаңа туған нәрестені № 2 балалар ауруханасына ауыстыруға дайындап жатыр. Ол жерден толық тексерілгеннен кейін балалар үйіне жіберіледі.