25 тамызда Атырау облысы әкімінің білім гранттарын алуға арналған конкурстық комиссияның отырысы өтті. Комиссия шешіміне сәйкес, жаңа оқу жылында Атырау қаласының 78 түлегі облыс әкімінің гранты бойынша тегін оқудан өтеді, - деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі
zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Үміткерлер тізімі Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың төрағалығымен өткен отырыста қаралды.
Облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, басты мақсат - аймаққа қажет мамандарды даярлау. Облыстық бюджеттен бөлінетін білім гранты білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және басқа да маңызды мамандықтарға бөлінеді. Биыл байқауға қатысуға 132 үміткер өтініш білдірді.
Білім гранттарын алған түлектердің көпшілігі - болашақ мұғалімдер мен дәрігерлер. Атап айтсақ, облыс әкімінің грантын алған 78 түлектің 27-сі М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне, үшеуі - М. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетіне түсті. Сонымен қатар, 4 түлек М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінде, 6 түлек - «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде оқитын болады.
Тағы 36 түлек Атырау мемлекеттік университетіне оқуға түсті.