Өткен демалыс күндері елімізде балаларға қатысты 8 қайғылы жағдай тіркеліп, оның үшеуі өліммен аяқталды. Төтеншеліктер соңғы уақытта бүлдіршіндерді қараусыз қалдыру жиілегенін айтып жатыр. Салдарынан оқыс жағдайлар да көбейген. 22 тамыз күні елорда шетіндегі тұрғын үйдің пешінен ақау шығып, екі балаға иіс тиген. «Осылайша, мұржаның жүйелі түрде тазартылмауы көбіне адам шығынына алып келеді», - дейді мамандар. Бұл туралы
Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бағлан ҚЫРБАС, «Есіл» аудандық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы:
«Есіл ауданы аумағында 9 адам улы газбен уланды. Оның ішіндегі алтауы бала. Саябақтық қоғамда жағдайы төмен адамдардың тұратындығына байланысты бұл саябақтық үйлер былайша айтқанда тұрғын үй ретінде тұруға болмайды. Сонымен қатар олар саябақтық үйлерді тұруға өздері қалыптастырып алады».
Өскеменде де су жылытатын құрылғының қысқа тұйықталуы салдарынан екі адам жан тапсырды. Жалынның жалпы аумағы 2 шаршы метрге жетіп, салдарынан қаннен қаперсіз ұйықтап жатқан анасы мен баласы уланып қалды. Өкінішке қарай, оларды аман алып қалу мүмкін болмаған. Өрт электр құрылғысын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағаннан шығуы мүмкін.
Марина ЛИСКОВА, Қалалық ТЖБ хатшысы:
«Апаттық жағдайдағы электр құрылғыларының кесірінен оқыс жағдайлар жиі болып тұрады. Жыл басынан бері 200-ге жуық өрт тіркелген десек, олардың 35 пайызы электр сымдарының тозуынан болып отыр. Ыстан уланудың қауіптілігі сонша, ұйықтап жатқан адам оянбастан өліп кетуі мүмкін».