Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Педофилдердің көбі бұрын сотталмаған адамдар

Педофилдердің көбі бұрын сотталмаған адамдар

Педофилдердің көбі бұрын сотталмаған адамдар
ашық дереккөзі
 width= Ішкі істер министрлігі педофилдердің әлеуметтік портретін жасап шығарды. Ведомствоның зерттеуіне қарағанда азғындыққа баратын еркектердің дені 18 бен 29 жас аралығындағылар екен. Бұған дейін сотталмаған, орта арнаулы білімі бар, құқық қорғау органдарында да бұрын-соңды тіркеуде тұрмаған жандар. Балаларға келгенде ешқашан дөрекі сөйлемейді, керісінше өзіне барынша жақын тартуға тырысады. Ал құрығына әсіресе жағдайы жақсы отбасыдан шыққан, бірақ ата-анасы көп көңіл бөлмейтін 14 жасқа дейінгі балаларды түсіреді екен. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. Рүстем ҚҰТТЫБАЕВ, ҚР ІІМ полиция әкімшілігі комитетінің аға инспекторы: «Қазір желіде қандай ақпаратты іздесең де, таба аласың. Жыныстық қатынас жайлы үгіт-насихат ашық жүріп жатыр. Адамдар сондайды көп көрген соң, оны өмірінде қайталауға тырысады. Әрине мұнда алкогольді ішімдіктерге тәуелділік те маңызды рөлге ие. Бұл азғынның да, жәбірленушінің тарапынан алып қарасаң да солай». Жыл басынан бері елімізде кәмелет жасына толмаған 550-ге жуық баланың ары тапталыпты. Сорақысы, жыныстық қысымға тап болған жеткіншектердің жартысынан көбі зәбірді бейтаныс біреуден емес, күнде өзінің қасында жүрген ет жақынынан көріп келген екен. Жауапты министрліктің хабарлауынша, мұндай азғындардың санын азайту үшін қазір кешенді жұмыстар атқарылып жатыр.