Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
25 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«6 мың доллар пара сұрады»: Сәуле Әбілдаханқызы Аймағамбетовке үндеу жолдады

"6 мың доллар пара сұрады": Сәуле Әбілдаханқызы Аймағамбетовке үндеу жолдады

«6 мың доллар пара сұрады»: Сәуле Әбілдаханқызы Аймағамбетовке үндеу жолдады
ашық дереккөзі
 width= Қоғам белсендісі, журналист Сәуле Әбілдаханқызы ҚР Білім және ғылым министрі Аймағамбетовке ғылым саласындағы былықтарды айтып, үндеу жолдады, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Журналист Facebook-тегі парақшасында білім саласындағы парақорларды сынап, көлемді жазба жариялады. Бұдан бөлек ол Асхат Аймағамбетовке үндеу жолдады.
«Құрметті министр мырза! Ғылым саласына да жіті көңіл бөлуіңізді сұраймын. Ғылым - парақорлар мен қайыршылар мекеніне айналып бара жатыр. Өз басымнан өткен жайттарды айтайын: Мамандығым - театртанушы. Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясы Өнертану факультетіне магистратураға екі рет түсе алмадым. 2001 жылы санаулы орынды тамыр-таныстары бөліп алды... 2013 жылы 6 мың доллар пара сұрады. Сол пара сұраған Берістен (Арыстанбектің көп оң қолдарының бірі) көп ұзамай парамен ұсталғанын теледидардан көрсек те, көп ұзамай, қайтадан сол Т.Жүргенов академиясында қызметін жалғастырғанына куә болдық. Өнертанушы болсам деген, осы салада ғылым іздесем деген арманым асқақ еді. Магистратураға парасыз грантқа түсу мүмкін еместігіне әбден көзім жеткен соң, үшінші рет 2014 жылы ақылы бөлімге түстім».