25 тамыздан бастап оқушылар сабақтарға қатысады - министрлік

25 тамыздан бастап оқушылар сабақтарға қатысады - министрлік

ашық дереккөзі

 width= Оқушыларға 25-28 тамыз аралығында қашықтан бірыңғай сабақтар өткізіледі, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап. Бірыңғай сабақ былтыр өткен материалды қайталап, биылғы оқу жылына дайындық мақсатында 2-11 сыныптар арасында өтеді.

"Оқу процесі бұған дейін әр мектеп таңдаған интернет-платформаларда қашықтан өткізіледі. Сабақ 10:00-де басталады, ұзақтығы - 20 - 40 минут. Кестеге негізгі пәндер енгізілген", - деді министрлік.
Әр сыныпқа арналған кесте де шықты. Оларға: - 2-4 сыныптарға 2-3 сабақ: - 5-8 сыныптарға – 3-4 сабақ; - 9-11 сыныптарға – 4-5 сабақ өткізу ұсынылып отыр. Бірыңғай сабақтың бірінші және екінші күні оқушылардың білімі тексеріледі. Бұл кезде олар бұған дейін өткен материалдарды қайталайды. Үшінші және төртінші күні бастапқы екі күн нәтижесі бойынша жаттығулар беріледі. Айта кетейік, жаңа оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.

Жүктелуде...