«Хабар» Агенттігі түсірген «Ана жүрегі» фильмі Өзбекстанда көрсетіліп жатыр

15 Қаңтар, 2019 2018 3

Оны Ташкенттегі «Sevimli» каналы таратуда. Бір қызығы киноны телеарна қызметкерлерінің өздері аударып, оның дубляжын Өзбекстанның халық әртісі Гавхар Закированың өзі оқыған. 

Туындының атын «Ona kalbi» деп қойыпты. Өйткені телеарна «Өгей жүрек» фильмін де қатар аударған. Өзбекстандағы Қазақстан жылын осылайша кино алмасумен бастадық, дейді әріптестер. Телеарнада «Ана жүрегі» фильмінің соңғы сериялары дубляждалып жатыр. Оған Гавхар Закированың өзі қатысуда. Өзбекстанның халық әртісі бұған дейін оқып жүрген сериалдардың ішіндегі ең тұшымдысы осы болды дейді. Өйткені сөздері жеңіл әрі қызық. Әр оқиға сабақтасып,  бір-бірін жалғап кетеді. Көрерменге ой салатын туынды. «Сериалды түсірген «Хабар» агенттігінің талғамы жоғары, әдебі ерекше екені көрініп тұр», - дейді Өзбекстанның халық әртісі.  

Гавхар Закирова, Өзбекстанның халық артисі: - Кинода әрбір кейіпкердің тағдыры бар. Олардың әр қайсысы өз ерекшелігімен баурап алады. Сериал зеріктіріп жібермейді. Әр бөлімі қызықты оқиғалармен суреттелген. Кейін не болар екен деп алаңдап отырасың. Екінші бөлімде қызықтырып барып жаңа оқиғалармен күтпеген ойлармен ұштастырып отырады. Мынандай болады деп отырсаң мүлдем ойламаған нәрсеге тап боласың. Кім ойлаған судия әйел кәсібін тастап кетеді деп. 

Қанат Жүнісбеков,twitter @kanat_shim: - Теларнада нағыз қарбалас. Студияда оқылған «Ана жүрегі» фильмінің аудармасы осы жерде монтаждалады. Қызметкерлердің бірі дыбыстың тазалығын тексереді. Екіншісі бейнебаянның сәйкестігін қадағалайды. Дайын дүние тікелей эфирге беріледі. Бұл жерді телеарна жүрегі деуге болады. «Ана жүрегі» драммасын арнаның көркемдік кеңесі бірнеше шетелдік туындылардың ішінен іріктеп алған. Туынды халықтың талғамына сай, сценариі де тұщымды жазылған. Онда күнделікті күйбің тіршіліктен бастап, бала тәрбиесі, отбасы мәселесі, әлеуметтік сала, жастардың қоғамдағы орны мен астарлы ой салатын жерлері көп. Ең бастысы тәрбиелік маңызы зор. «Қазақ тілінде болғандықтан түсініп аударуға оңай болды», - дейді телеарна басшылығы. 

Жалоладдин Сафоев, «sevimli» телеарнасының директоры: - Қазақ бауырларымыз түсірген «Ona kalbi» сериалын көрермен ыстық ықыласпен қабыл алды.Біз көпшіліктің сұрауы бойынша және олардың пікірін ескеріп екінші «Өгей жүрек» туындысын да аударып дубляж жасап «Sevimli» канадының эфиріне қойдық. Бұл да халыққа ұсынылды. Ең маңыздысы бұнда адам тағдыры көрсетілген. «Sevimli» телеарнасы қос туындымен тоқтап қалмақ емес. «Хабар» телеарнасы түсірген тағы бірнеше туындыны аударып, көпшілік назарына ұсынсақ, деген жопарлары бар. Лола Шаимова, «Sevimli» телеарнасының киноредакциялар бөлімінің басшысы: -  Алдағы уақытта Хабар телеканалымен байланысты одан әрі жақсартсамыз деген ойымыз бар. Соның негізінде тағы бір телесериалды көрсетсек деген ойдамыз.Бұл да сіздерге тиесілі. «Аға» телесериалы. Оны толық көріп шықтым өте қызығарлық туынды екен. Ташкенттегі жеке меншік телеарна осылайша Өзбекстандағы Қазақстан жылына орай Қазақ киноларының санын арттыруды көздеп отыр. 


Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Зафар Халилов


Тегтер: қазақстан, өзбекстан, астана, ташкент, сериал, ана, жүрегі, ринат, кертаев

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.

dsf 25 Қаңтар, 2019

test

dsf 25 Қаңтар, 2019

fsdfsdf sd

dsf 25 Қаңтар, 2019

fsdf sdfsdf sf