Манипуляция: эмоционалды бопсалауға төтеп бере аласыз ба?

Манипуляция: эмоционалды бопсалауға төтеп бере аласыз ба?

ашық дереккөзі

 width= Манипуляция – өз дегеніне жету үшін жасалатын психологиялық қысым. Ештеңе бүлдірмегеніңізді білсеңіз де, сол адамның алдында өзіңізді кінәлі не дәрменсіз сезінетін кезіңіз болды ма? Онда сіз манипуляция құрбанына айналудасыз. Манипулятордың жанында сіз ерік жігеріңізден айырылғандай күй кешесіз. Оның мысы басып тұрады. Себебі манипулятор адамның санасына емес, эмоциясына әсер етуге тырысады. Кейде сіз де адамдарды өз мақсатыңызға пайдаланғыңыз келеді немесе өз айтқаныңызды істеткіңіз келеді. Ал егер оларға әсер ете алмайған жағдайда оны кінәлі етуге тырысасыз. Бұл кейін әдетке айналады. Осылай манипуляторға айнала бастайсыз. Манипуляция түрлері: Өзін құрбан етіп көрсету «Мен сені досым деп жүрсем...» немесе «Мен болсам...» деп басталатын сөздерді естіген боларсыздар. Адам өз дегенін істету үшін өзін құрбан етіп көрсетеді, оны аяу керек деген ой тудырады. Жалған сый      Бұл кезде манипулятор өзі істеген жақсылығын бетке басып, міндетсіне береді. Көбіне бұл ата-ана тарапынан байқалу мүмкін. Сіздің оған қарыз екеніңізді біліп, соны пайдалануға тырысады. Мысалы жұмыста коллегаңыз сіздің қатеңізді байқап қалды делік. Осы кезде ол «осыны мен байқамағанда, бастықтан ұрыс еститін едің» деген сияқты сөздермен астарлы түрде сізден бірдеңе дәметеді. Бағаламау «Осыны да мәселе деп тұрсың ба?», «Сен мектеп бітірдің бе, ал мен ондай кезде алтын белгі алғам» деген сияқты сөздермен сізді төмендетуге тырысады. Өзін сізден жоғары етіп, сенімділігіңізді төмендетуге тырысады. Ашуландыру Мұны заманауи тілмен «троллинг» деп атайды. Сіздің намысыңызға тию арқылы, ұрысқа итермелейді. Сізді ашуландыруға тырысады.

Манипуляцияға қалай төтеп береміз?

Манипуляциядан қорғанудың ең жақсы тәсілі – өзіңізді түсіну. Ақылға салып, шешім қабылдаңыз. Ол үшін өзіңізге сұрақтар қойыңыз: Мен өзімді қалай сезініп тұрмын? Менің физикалық жағдайым, эмоциям қандай? Мен неге ондай шешім қабылдаймын? Нәтижесінде не болады? Неге олай істеп жатырмын? Маған не керек? Бұл мен үшін маңызды ма? Мына шешім менің мақсатыма қалай әсер етеді? Оның (манипулятордың) айтқаны қаншалықты рас? Ақталмаңыз. Сіз ақталған сайын ол сізге одан әрі қысым көрсете береді. Іштей қорқып, сенімсіз болсаңыз да, түр білдірмеңіз. Оған жай үнмен өз ойыңызды айтыңыз. «Менің көзқарасым бөлек», «Меніңше, дұрысы осы», «Әркімнің талғамы бөлек», т.б. Мінсіз боп көрінуге тырыспаңыз. Адамдар көбіне ренжітіп алмас үшін немесе жақсы боп көріну үшін басқаға қарсы шықпайды. Ал сіз бәріне жақсы болуға міндетті емессіз. Ең алдымен өз құныңызды білуіңіз керек. Сол үшін мінсіз боп көрінуге тырыспаңыз.

Жүктелуде...