Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Танысынан 42 500 теңге жәрдемақыны жымқырған Түркістандық ұсталды

Танысынан 42 500 теңге жәрдемақыны жымқырған Түркістандық ұсталды

Танысынан 42 500 теңге жәрдемақыны жымқырған Түркістандық ұсталды
ашық дереккөзі
   width= Түркістан облысының полицейлері мемлекеттен берілген 42 500 теңге жәрдемақыны танысынан ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды NewsRoom+ақпарат агенттігі Polisia.kz ке сілтеме жасап. Кентау қалалық кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, мемлекеттік бағдарлама бойынша түскен 42 500 теңгесі ұрланғаны туралы арыз түсірген. Жәбірленушінің айтуынша, мамыр айында оның әлеуметтік көмек алушы ретінде өтініші мақұлданады, бірақ оған ақша түспейді. Ер адамның есепшотын тексеру кезінде ақшасы белгісіз қыздың шотына аударылғаны анықталады. Құқық қорғаушылардың жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті Нұр-Сұлтан қаласынан табылады. Ол жәбірленушінің танысы екен. Күдікті полиция бөліміне жеткізіледі. Кейіннен анықталғандай, күдікті ер адамның жеке деректерін пайдаланып, жәбірленушінің шотынан 42 500 теңгені туысының шотына аударған. Осылайша ол жеке бас пайдасы үшін ақшаны аударғанын мойындаған. Іс сотқа жолданды. Өз кезегінде құқық қорғаушылар жеке басты анықтайтын деректерді бөгде адамдарға айтпау керектігін ескертеді.