Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Балықты таңдаңыз: қандай адам екеніңізді анықтаңыз

Балықты таңдаңыз: қандай адам екеніңізді анықтаңыз

Балықты таңдаңыз: қандай адам екеніңізді анықтаңыз
ашық дереккөзі
 width= Суреттерді қарап шығып, ішінен өзіңізге ұнаған бір балықты таңдаңыз. Таңдауыңыз сіз үшін өмірдің мәні мен құндылығын көрсетеді. №1 балық. Отбасы. Сіз үшін жақындарыңыз бірінші орында. Олар сізге сенеді және кез келген уақытта көмектесуге дайын. Отбасы құндылықтарын сақтауға тырысасыз. Бірақ санаңызда олардыңболашағына деген қорқыныш жатыр. Олардың қиындықтарын өзіңізге қабылдап өмір сүресіз. Көп жағдайда адамдар жақындарыңыз арқылы сізге манипуляция жасауы мүмкін. Себебі отбасы - сіздің мықты, бірақ осал тұсыңыз. №2 балық. Перфекционист. Сіз кез келген нәрсені мінсіз етуге тырысасыз. Еңбекқор әрі табанды жансыз. Бұл сіздің мансабыңызда оң әсер етеді. Өз абыройыңызды биік ұстайсыз. Бірақ осы перфекционизм сіздің сәтсіздігіңізге себепші. Сіз бір іске толық кірісіп, өзіңіз туралы ұмытып кетесіз. Қателесуден қорықпаңыз. Есіңізде болсын, қателіктен сабақ алуға болады, аал денсаулықты қайтарып алу қиын. №3 балық. Көпшіл, экстраверт тұлға. Өзге адамдармен қарым-қатынассыз өзіңізді елестете алмайсыз. Адал дос бола аласыз әрі көмектесуден бас тартпайсыз. Көп адамдар сіздің мейірімділігіңізді пайдаланғысы келеді. Сол үшін айналаңызды сұрыптап, қарым-қатынаста абай болыңыз. №4 балық. Басты құндылық - махаббат. Жұбыңыз үшін қатты алаңдайсыз. Сол адамға бар назарыңыз бен уақытыңызды арнауға дайынсыз. Әр адамның өз жеке кеңістігі бар екенін ұмытпаңыз. Өзіңізбен өзіңіз болуды да үйреніңіз. Әйтпесе өз бақытыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін. Сізде талант бар. Өзіңізге де, жұбыңызға да еркіндік беріп, өз қабілетіңізді шыңдаңыз.