42500 теңгелік жәрдемақыны студенттер де ала алады
42500 теңгелік жәрдемақыны студенттер де ала алады
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов студенттер қандай жағдайда 42 500 теңгелік жәрдемақыға өтініш бере алатынын айтып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Студенттер - кәмелетке толған еліміздің азаматтары. Елімізде 16 жастан бастап жұмыс істеуге рұқсат берілген. Көптеген студенттер сабақтан тыс уақытта жұмыс істейді, әсіресе, мейрамханаларда, сауда орталықтарында қызмет жасайды. Төтенше жағдайға байланысты олар да табысына айырылып жатыр. Сол себепті олар да 42 500 теңгеге өтінім жасай алады. Студенттің шәкіртақы алуына тексеріс жасамаймыз. Оларға жеке-дара ережелер қарастырылмаған. Сондықтан қазақстандықтардың барлығына бірдей талаптар қойылады. Егер сіздің атыңызға бірыңғай жиынтық төлем аударылса немес өзіңіз төлесеңіз, сізге де жәрдемақы тағайындалады", - деді Нұрымбетов.