"Өзіме қол жұмсаймын": Павлодарлық жігітке айыппұл салынбақшы

"Өзіме қол жұмсаймын": Павлодарлық жігітке айыппұл салынбақшы

ашық дереккөзі

 width= Өз жігітінен хабарлама алған қыз ТЖД қызметкерлеріне жүгінді. ТЖД қызметкерлері пәтерге жылжымалы баспалдақпен кірген соң, ер адамның қауіпсіз екеніне - ұйықтап жатқанына көз жеткізді. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Павлодар қаласының тұрғыны мас күйінде сүйіктісіне өзіне-өзі қол жұмсау туралы SMS-хабарлама жіберіп, содан кейін ұйықтап қалған. Өзін-өзі өлтіру туралы хабарлама департаменттің консоліне 23 тамыз сағат 17.57-де түскен. Қоңырау шалған бойжеткен жігіттің кешірім сұрайтын хабарлама жіберіп, оны құтқару кеш болатынын айтты. Қыз көрсеткен мекенжай бойынша - Лермонтов көшесіндегі үйге жедел құтқару жасағының қызметкерлері дереу келді де,  жылжымалы баспалдақпен балконға көтерілді. Балконның есігін арнайы құралдардың көмегімен ашып, пәтерге кірді. 39 жастағы ер адам мас күйінде ұйықтап жатқан. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 438-бабы бойынша (арнайы қызметтерге қасақана жалған қоңырау шалу) кінәлі адамға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (83 340 теңге) айыппұл салынады . Бірақ бұл жағдайда кімнің жауап беретіні белгісіз. Өйткені жігіт құтқарушыларды шақырған жоқ, ал қыз  хабарламаның жалған екенін білмеді. Сонымен қатар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оларға төтенше жағдай туралы хабарлама түскен жоқ.

Жүктелуде...