Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

27 тамыздан бастап Түркия-Қазақстан рейстері ашыла бастайды

27 тамыздан бастап Түркия-Қазақстан рейстері ашыла бастайды

27 тамыздан бастап Түркия-Қазақстан рейстері ашыла бастайды
ашық дереккөзі
 width= 27 тамызда Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстеріне қойылған шектеулер алынып тасталады. Бұл туралы Newsroom + Ақпарат агенттігі Sputnik Қазастан сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«COVID-19-ның таралуына байланысты жағдай тұрақталып жақсарғасын, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеуді алып тастады. 2020 жылдың 27 тамызында Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты жолаушылар рейстері ашыла бастайды», - деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі.
Рейстер Қазақстан мен Түркияның санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарына сәйкес орындалады. Кестені авиакомпаниялардың сайттарынан табуға болады. Еске салайық, Түркия тарапы 2020 жылдың 5 тамызынан бастап Қазақстаннан жолаушылардың кіруіне шектеулер енгізді. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің Азаматтық авиация комитеті екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау туралы келіссөздер өткізді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату