Елімізде кәсіпкерлерге арналған форум өтті
Елімізде кәсіпкерлерге арналған форум өтті

"Марафонда "Меломан" және MARWIN компаниялар тобының негізін қалаушысы Александр Дериглазов өзінің сәттілікке жету тарихымен бөлісті. Ол облыс орталығындағы кішкентай ғана дүкен елдегі кітап, аудио, видео өнім мен басқа да тауарлар ассортименттері сатылымы бойынша ірі компанияға қалай айналғанын, онлайн тауар сатуға қалай көшкенін айтып берді", - делінген хабарламада.Сонымен қатар жиында Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев сөз сөйледі.
"2020 жыл бізге күн сайын "тосын сый" әкеліп жатыр. Дағдарыс – қашан да жаңа мүмкіндіктердің уақыты. Қазіргі таңда елімізде жаңа секторлар пайда болып, адам капиталының дамып жатқанын көріп отырмыз. Бұл ретте "Сәттілік марафоны" аймақтағы орта, шағын және микробизнесті сапалы түрде дамыту үшін өткізіліп отыр. Әлеуметтік жауапкершілікті жоғары деңгейде танытып, Қазақстанның батысы, тіпті жалпы Қазақстанның экономикасына белсенді түрде атсалысқан Shell компаниясы мен ЕҚДБ-ға жеке алғыс айтқым келеді. Жобаның үшінші жылы сәтті өтсін деп тілеймін. Біз алдағы уақытта да жергілікті билік тарапынан барлық бастамаға қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз", - деді ол.Shell Қазақстан компаниясының үкіметпен және қоғаммен байланыс бойынша директоры Зарина Бакенова елімізде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған Shell LiveWIRE бағдарламасы бар екенін жеткізді.
"Бүгінгі әлемде әрдайым өзімізді өзіміз жетілдіріп, әрдайым жедел оқып, бизнесті жүргізудің жетекші практикаларын меңгеріп, тенденциялардың бәрін есепке алып отыруымыз керек. Бұл векторда Shell LiveWIRE бағдарламасын дамыту – ісін жаңадан бастаған және бұрыннан келе жатқан кәсіпкерлер үшін маңызды", - деп атап өтті ол.Сонымен қатар "Сәттілік марафоны" бес модуль бойынша бірегей оқыту бағдарламасы бойынша өтті: 1 модуль – "Жаңа бизнес-идеялардың генерациясы мен өткізу нарығын іздеу"; 2 модуль – "Жаңа бизнестің қаржылық моделі"; 3 модуль – "Жобаны және команданы басқару, бизнесті дамытудың стратегиясы"»; 4 модуль – "Жаңа бизнесті таныстыру"; 5 модуль – "Цифрландыру".