Жаңалықтар

 Түс туралы қызықты 10 дерек

 Түс туралы қызықты 10 дерек

Түс көру – психология мен физиологияда толық зерттелмеген құбылыстардың бірі.  Зерттеушілер ұйқыдағы адамның миында не болып жатқанын, неге түс көретінін, ол нені білдіретінін әлі толық білмейді. Бірақ соңғы жылдары ғалымдар адам ұйықтағанда мида қандай құбылыс  болатыны туралы бірнеше нәрсе анықтады. Сонымен, түс туралы 10 қызықты деректі біле жүрейік. Барлық адам түс көреді. Тіпті мүлдем түс көрмеймін деген адамның өзі түсін білмейді, өйткені есінде қалмайды екен. Жаратылысынан соқыр болып туғандар түс көрмейді екен. Олардың түсі тек иіс, дыбыс,түйсіну, сезу, эмоция және дәммен шектеледі дейді. Ал туғаннан кейін соқыр болып қалғандар сау адамдармен қатар түс көреді. Міне қызық! Біздің түсімізге тек өмірде көрген адамдар ғана кіреді екен. Ол адамды білмесек те, есімізде жоқ болса да, бірақ оны өмірде көргенбіз! Оянғаннан кейін бес минут ішінде адам түсінде көрген дүниенің жартысын ғана есіне түсіре алады. Біраз уақыттан кейін тек оннан бірі ғана есінде қалады екен. 12% жуық адам тек ақ-қара реңдегі түс көреді. 25 жасқа дейінгі адамдар арасында бұл көрсеткіш тіпті төмен - 4,4%. Түрлі-түсті түс көретін адамдардың саны күн сайын артып барады. Ғалымдардың пікірінше, бұл ақ-қара теледидардан түрлі-түсті теледидарға көшуге байланысты. Түс деген болмашы нәрсе. Егер күндіз-түні бірдемені ойлап қиялдасаң, онда түсіңе соған байланысты түс көріп, ол белгі береді дейді. Бір қызығы, адамның түсіне жақсы нәрсе емес, көбінесе жағымсыз эмоциялы түс кіреді екен. Көбінесе адамға қатты әсер беретін және көп қайталанатын түс  -  үрей мен қауіп. Көздің бейберекет қозғалысы (бір қарағанда)  ұйқыда жатқанда біздің жалпы ұйқымыздың төрттен бір бөлігін алады екен.