Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің алдына бір топ ата – аналар мен талапкерлер жиналған. Олар жаңа оқу жылына құжаттарды өздері тапсыруға келген. Карантин кезінде жоғарғы оқу орнына адамдардың көптеп жиналғаны туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде тараған деп хабарлайды,
Newsroom+ақпарат агенттігі. Орын алған жайт бойынша Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры түсініктеме берді.
"Қазіргі таңда университетте қабылдау комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Барлық құжаттар Zoom және Еgov бағдарламалары бойынша қабылданып жатыр. Бүгін бір топ ата– ана құжаттардың түпнұсқасын өткізуге келген. Ата– аналар мен талапкерлерден құжаттарды қабылдау тек қана онлайн түрде, екі бағдарлама арқылы ғана қабылданатындығы туралы ескертілді. Витуалды қабылдау комиссиясы уақытылы жұмыс атқарып отыр",– дейді университет басшысы Дария Қожамжарова.
https://www.instagram.com/tv/CERc1jyna-N/?utm_source=ig_web_copy_link
Еске сала кетейік, М.Әуезов атындағы ОҚУ-де талапкерлерден оқуға қабылдануға өтініштерді тіркеу онлайн түрде 2020 жылдың 1-ші тамызынан жүргізілуде. Өтініштер қабылдау 28-ші тамызға дейін жалғасады.
Барлық оқу түрі бойынша талапкерлерден: Мемлекеттік грант негізінде, ақылы негізде, күндізгі, қысқартылған, қашықтықтан оқыту, тыңдаушылардан құжаттар egov.kz сайты және Zoom платформасы арқылы қабылданады.
Құжаттардың түпнұсқасы 1 және 30 қыркүйек аралығында қабылданады!
Карантин кезіндегі ахуалға байланысты құжаттарды тапсыру қыркүйек айына дейін жалғасатын болады.