10 жылда бір рет болды: Каспий бойында байқалған табиғи құбылыс
10 жылда бір рет болды: Каспий бойында байқалған табиғи құбылыс

"Торнадо пайда болу үшін екі жағдай қажет. Теңіздегі су жылы, ал бұлттағы ауа суық болу керек. Температураның кесірінен атмосфераның жоғарғы және төменгі қабаттарында қысым айырмашылықтары болады. Ал мұндағы торнадо қатты дауылдан болған шығар" - деп хабарлады гидрометеорологиялық орталық.Сарапшылар торнадоның ортасында төмен қысымның бар екенін, соның салдарынан теңіз үстінде суды көтере алатындығын түсіндірді. Желдің жылдамдығы секундына 30 метрден асуы мүмкін. Сондай-ақ, Қазгидромет торнадоны болжау қиын дейді. Ол тек торнадо қозғалысының бағытын анықтауға мүмкіндік беретін станциялар мен посттар желісінің көрнекі бақылау жүйесіне негізделген. Синоптиктердің 22-23 тамыз күнгі болжамына сәйкес, Ақтауға жақын ауданда жел тұрақты шығыс бағытта болды, ал желдің жылдамдығы секундына 12 метрге жетті. 23 тамызда Қазақ шығанағына жақын жерде ашық су аймағында желдің жылдамдығы 23 метрге жетті.