Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Жүздеген млн доллар: Беларусь толқулары қанша шығын әкелді?

Жүздеген млн доллар: Беларусь толқулары қанша шығын әкелді?

Жүздеген млн доллар: Беларусь толқулары қанша шығын әкелді?
ашық дереккөзі
 width= «Еліміздегі толқулардан келген шығын жасылдандыру мен гүлзарлар қоюға кететін 500 мың беларусь рублі деп ойламаңыз. Қазірдің өзінде шығын 500 млн долларға жетті. Ал болашақтағы жағдайды ойласақ тіпті млрдтаған доллар болар. Мемлекетіміз жылдар бойы жасаған халықаралық несие алу, инвестициялық тартымдылық деген маңызды құрылымдар бұзылды», – дейді қаржыгер Валерий Бельский. Ол толқу мен пандемияға қарамастан жеке кәсіпкерлер қарқынды жұмыс жасап, нарықтан шығып қалған кәсіпорындардың орнын тез жаулап алып жатқанын айтты. «Наразы кеншілер мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың сақталуын сұрады. Мемлекет олардан оны тартып алуды ойлаған да емес. Бірақ зауытта қаржы болмаса, оны берудің де мүмкіндігі болмайды. Қаржы сатылымнан түседі. Сатылым өндіріске байланысты. Өнім жоқ болса, сатылым жоқ, сатылым жоқ болса, қаржы жоқ, қаржы жоқ болса, онда әлеуметтік қамсыздандыру да жоқ», - деді ол.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ