«Қазақстан Ресеймен, Қырғызстанмен және Тәжікстанмен Қытаймен шекарада қарулы күштерді азайту туралы келісімге өзгерістерді енгізуді мақұлдады» деп жазады КазТАГ сайты.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғызстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы келісімді іске асыру жөніндегі өзара іс-қимылдың қағидаттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттама бекітілсін. 1996 жылғы 26-сәуірдегі шекара аймағындағы әскери салада сенімді нығайту бойынша Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы келісім және 1997 жылғы 24-сәуірдегі шекара аймағында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімді, 2002 жылы 23-қарашада Мәскеуде, 2018 жылы 17 мамырда Алматы қаласында жасалған келісімдер бекітілсін», - делінген үкімет қаулысында деп жазады КазТАГ сайты.
Асхат ҚАСЕНҒАЛИ