"Андай-мындай": Алматының санитарлық бас дәрігері қатаң сөгіс алды
"Андай-мындай": Алматының санитарлық бас дәрігері қатаң сөгіс алды

Ерғали Сыдыманов қатаң сөгіс жарияланып, жаза қолданылды. Бұл бұйрық Алматы облысы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде жасалды, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.12 тамызда ғаламторда жаңадан сайланған аймақтық дәрігердің кәсіпкерлерге дөрекілік танытқаны бейне арқылы тарап кетті.
Түсінемін, балаларды асырау керек, несилер бар, андай-мындай. Сен үйде отырып, ақша табасың. Ал мен жұмыс істеуім керек. Болды, барыңдар, басымды қатырмаңдар. Сен неге мені түсіресің? - деген сөздері видеоға жазылған.Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бейнеге назар аударды. Санитарлық дәрігерге қатысты тәртіптік іс қозғалды, оны Әдеп кеңесі қарайды. Осыдан кейін Сыдыманов қазақтардан кешірім сұрады. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың шілде айында Алматы облысының санитарлық бас дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды.