Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Андай-мындай»: Алматының санитарлық бас дәрігері қатаң сөгіс алды

"Андай-мындай": Алматының санитарлық бас дәрігері қатаң сөгіс алды

«Андай-мындай»: Алматының санитарлық бас дәрігері қатаң сөгіс алды
ашық дереккөзі
 width= Алматы облысының санитарлық бас дәрігері Ерғали Сыдыманов кәсіпкерлермен кездесуде теріс қылық танытқаны үшін қатаң сөгіс алды, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Алматы облысының санитарлық бас дәрігері Ерғали Сыдымановқа қатысты тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрыққа қол қойды.
Ерғали Сыдыманов қатаң сөгіс жарияланып, жаза қолданылды. Бұл бұйрық Алматы облысы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде жасалды, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.
12 тамызда ғаламторда жаңадан сайланған аймақтық дәрігердің кәсіпкерлерге дөрекілік танытқаны бейне арқылы тарап кетті.
Түсінемін, балаларды асырау керек, несилер бар, андай-мындай. Сен үйде отырып, ақша табасың. Ал мен жұмыс істеуім керек. Болды, барыңдар, басымды қатырмаңдар. Сен неге мені түсіресің? - деген сөздері видеоға жазылған.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бейнеге назар аударды. Санитарлық дәрігерге қатысты тәртіптік іс қозғалды, оны Әдеп кеңесі қарайды. Осыдан кейін Сыдыманов қазақтардан кешірім сұрады. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың шілде айында Алматы облысының  санитарлық бас дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қайтыс болды.