Карантинде той жасаған Роза Рымбаева мен Төреғали Төреәлі жауапқа тартылады
Карантинде той жасаған Роза Рымбаева мен Төреғали Төреәлі жауапқа тартылады

«Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрінің жеке бақылауында. Таңертең осы тақырыпты талқалаған болатынбыз. Министр менің көзімше Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшинге телефон шалды», - деді Б. Қожахметов.Сонымен қатар ол қазіргі кезде Алматы қаласы Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе тексеру шаралары жүріп жатқанын атап өтті.
«Полиция аталған шараға қатысқандарды, өткізу орнын анықтау үшін тиісті тексеру жүргізуде. Осы орайда заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін бұл шараның шынымен де карантин кезінде өткізілуі, сондай-ақ қандай санитарлық нормалар бұзылғандығы анықталуда», - деді Б. Қожахметов.