Жаңалықтар

Министрлік мәлімдемесі: мұғалімдер коронавирусты анықтайтын тест тапсыра ма?

Министрлік мәлімдемесі: мұғалімдер коронавирусты анықтайтын тест тапсыра ма?

 width= Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетовамен кеңескенін айтты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі stan.kz сайтына сілтеме жасап.
"Айжан Серікбайқызы мұғалімдер арасында коронавирустық инфекцияны анықтау үшін жаппай тестілеу өткізуді орынсыз деп санайды. Егер өткізілетін болса, тестілеулер тегін болмайды. Өйткені олар күн сайын бірнеше адаммен байланысқа түседі. Мұғалімдер карантин кезінде өзін-өзі ұстаудың үлгісін көрсетуге және санитарлық талаптарды сақтауға міндетті", - деді Қожахметов.
Сонымен қатар Қожахметов мұғалімдерге де бірқатар талаптар қойылатынын жеткізді. "Осылайша, ата-аналар балаларына алаңдамауы үшін, мұғалім инфекция таратушы болмауы үшін, әр мектепте, әр оқу орнында дәрігерлер мен медбикелер жұмыс жасайды. Мұғалім балалармен кездесуге барар алдында алғашқы белгілердің бар-жоғын тексеруге міндетті. Температурасын өлшеп, жөтелдің бар-жоғын анықтайтын болады. Егер белгілер расталса, мұғалім балалармен физикалық байланысу мүмкіндігінен айырылады", - деп қосты ол. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін министрлік кезекші сыныптарда балаларға қолғап тағу міндетті емес екенін айтқан.