Шекарада қазақстандық азамат есірткі оралған түйіншекті жұтып қойған

15 Қаңтар, 2019 593 0

Шекарада ұсталған жігіт есірткі оралған түйіншекті жұтып қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өткен түнде Петропавл шекара отрядына қарасты «Мамлютка-теміржол» өткізу бөлімшесінде, «Қарағанды - Мәскеу» бағытымен жүретін № 83 пойызды шекаралық тексеруден өткізу барысында шекара жасағы 20 жастағы қазақстандықты ұстады. Шекарашы арнайы үйретілген иісшіл иттің меңзеуімен келіп, оның жол сөмкесін тексере бастаған. Жігіт шекарашыны итеріп жіберіп, сөмкеден кішігірім түйіншекті жұлып алып, лезде жұтып жіберген», - делінген хабарламада. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кейін жігіт жұтып қойғаны 5 граммға жуық марихуана екенін мойындаған. 

Ұсталған қазақстандық Павлодар қаласының наркологиялық диспансеріне жеткізілді. Тексеру барысында, дәрігерлер оның бұдан бұрын да канабиоидтар қабылдағанын дәлелдеді. 

Қазір тексеру шаралары әрі қарай жалғасуда.


Тегтер: есрткі, шекара, оқиға, тексеру, қоғам, Павлодар, ҰҚК

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.