Жаңалықтар

Танымал жұлдыздар коронавирустың кесірінен ажыраспақшы

Танымал жұлдыздар коронавирустың кесірінен ажыраспақшы

Ресейлік танымал әнші Валерияның күйеуі әрі, продюссері Иосиф Пригожин ажырасуға ниетті. Пригожин YouTube-каналында «Алена, блин» бағларламасына берген сұхбатында отбасының іргесінің бұзыла бастағаны туралы айтқан. Бұлай жалғаса берсе әнші жарымен ажырасу ауылының алыс еместігін айтқан деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі Womanhit.ru-ға сілтеме жасап. Әнші Валерия мен Иосифтің отандасқандарына 17 жыл болыпты. Осы кез аралығында ресейлік шоу-бизнес өкілдері ең тату отбасы ретінде көрінетін. Жары,әрі продюсері отбасылық өмір мен әншілікті бірге алып жүрген Валерияның әрқашан жанынан табылатын. Елдегі төтенше жағдай енгізгелі жеті күн бойы 24 сағат бірге болуы, отбасылық өмірлеріне кері әсерін тигізуде. Карантин кезде прюдессер бизнесін үйінде жүргізуге тура келеді. Кейде телефон арқылы келіссөздер жүргізгенде жарының араласатыны, оған ескерту жасаса ренжіп қалатын көрінеді. Осылайша арада ұрыс-керіс туындайды. Күні бойы бірге болуға тура келетіндіктен, жұбайының кейбір қылықтары мен әдеттері байқала бастаған. "Коронавирустың кесірінен Валериямен ажырасып кетпесем, ол үлкен бақыт болмақ",-дейді ол. Валерияның бұл екінші некесі. Алғашқы күйеуі де әншінің продюссері болған. Бір ұл, бір қызымен отбасылық зорлық-зомбылықтың кесірінен ажырасқан болатын.