Жаңалықтар

Қазақтар биенің зәрін ішеді: шамымызға тиген «Борат-2» фильмінің түсірілімі басталды

Қазақтар биенің зәрін ішеді: шамымызға тиген «Борат-2» фильмінің түсірілімі басталды

 width=

Атышулы "Борат" фильмінің жалғасы түсірілімінің басталуы жайлы сыбыстар пайда болды. Әлеуметтік желі қолданушылары кейіпкердің рөлін сомдаған Саша Барон Коэнді түсірілімге қатысып жүргенін жарыса жазуда, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

TikTok-тың калифорниялық қолданушысы актерді танымал Бораттың костюмімен көлік айдап бара жатқанын, онымен бірге түсірілім тобының жүргенін көргенін айтады. "Бораттың" жалғасы туралы әңгімелер сонау 2007 жылдан бері айтылып келеді. Ал Коэннің осы фильмнен кейін бағы жанып, басқа да киноларға түсіп үлгерген. Фильмнен бөлек, әртіс екі рет "Бораттың" образында американдық ток-шоуларға қатысыпты. Жоба жетекшілері "Борат" фильмінің түсірілімі жайлы жақ ашпауды шешкен. Ал оны жасыру үшін Коэн "қызғылт трансгендерлердің киімін" киюге дейін барыпты. Қазақстандық журналист Борат Сагдиев - британдық әзілкеш Саша Барон Коэн ең әйгілі рөлі. 18 миллион долларға түсірілген фильм кинотеатрларға жол тартқаннан кейін 261 миллион доллар жинаған. Фильмнің желісі Қазақстанда өрбиді. Ал түсірілімнің өзі Румынияда болған. "Борат" фильмінің көрсетілімі Ресейде, Қазақстанда және бірқатар ислам мемлекеттерінде тыйым салынған. Бораттың MTV Europe Music Awards-2005 салтанатты рәсіміндегі антисемиттік және гомофобиялық қалжыңдарына Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ресми түрде жауап қайтарған. Онда әзілкештің "Қазақстанды қаралау мақсатында тапсырыспен түсірілген туынды" екені айтылыпты. Бұл туындыдағы басты кейіпкердің рөлін сомдаған Коэн дәрежелі "Алтын глобус" марапатын жеңіп, фильмнің өзі болса "Оскарға"  номинацияланған. Десек те дәрежелі Lonely Planet басылымының мәліметіне сәйкес, 2007 жылы Қазақстан туристердің ең көп баратын ондықтың қатарына енген.  Ал 2012 жылы еліміздің үкіметі халықтың ашуына тиген фильмнің елдің туристік деңгейінің артуына себеп болғанын мойындады: Қазақстанға баруға берілетін визалардың саны 10 есе артқан.
"Біз, қазақтар, жаңа туған биенің зәрін ішіп, өзімізбен бірге ешкі ертіп, сығандарға аңшылық құрамыз", - дейді фильм кейіпкері Борат. Тіпті Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Боратқа ренжудің қажеті жоқ екенін, оны қалжың деп түсіну қажет екенін жеткізген.