Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

«Адамдар аяқ киімдерін шешіп тастап өтіп жүр»: елорданы су басты

"Адамдар аяқ киімдерін шешіп тастап өтіп жүр": елорданы су басты

«Адамдар аяқ киімдерін шешіп тастап өтіп жүр»: елорданы су басты
ашық дереккөзі
 width= Елордада суық су құбыры жарылып, Пушкин көшесін су басты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Астана су арнасы» мекемесінің мәліметінше, бүгін сағат 12:30-да «ҚазГерҚұрылыс» ЖШС мердігер компаниясы жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында диаметрі 900 мм-лік шойын құбырды зақымдаған. Қазіргі уақытта аталған аумақта тұратын тұрғындарды басқа құбырға қосу және зақымданған құбырды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Су жеткізу ұйымдастырылды. Су таситын көліктің қай жерде тұрғанын 76-76-76 нөмірі арқылы анықтауға болады. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - деді баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта Еуразия ұлттық университеті мен Отырар кітапханасы аралығындағы жолдың үстін су басқан. Адамдар жолдан арлы-берлі аяқ киімдерін шешіп тастап өтуге мәжбүр.