Танымал әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында белгісіз қыздың портретін жариялады, деп хабарлайды
Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Фотода қыз әншіні құшақтап тұр.
«Өте керемет портрет. Күндеріңіз сәтті өтсін», - деп жазған Димаш фотоның астында.
Әншінің оқырмандары портретте Димаштың сүйіктісі бейнеленген деп ойлайды. Сонымен қатар олар портреттің көркемдігін де бағалаған.
DimashNews порталының мәліметінше, бұл фото емес, қазақстандық әншінің шығармашылығынан шабыт алған суретшінің салған туындысы.
«Бұл жұмысты Димаштың «Аққуым» әнінен шабыт алған Димашытың жанкүйері, суретші Элла де Грейс салған. Аталмыш суретте осы әнге түсірілген бейнероликтің бір кадры көрсетілген», - деп түсіндірді баспасөз қызметі.