Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
24 тамыз, 2020 / NewsRoom / Жаңалықтар

Төреғалидің отбасы той жасағаны үшін айыппұл төлемейді

Төреғалидің отбасы той жасағаны үшін айыппұл төлемейді

Төреғалидің отбасы той жасағаны үшін айыппұл төлемейді
ашық дереккөзі
 width= Танымал әнші Төреғалидің қарындасы Фариза Төреәлі үйлену тойын коронавирустық пандемияға қарамастан өткізді. Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті оларға хаттаманың жасалмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі. Дархан Нортаев 2019 жылы Фариза Төреәліге ұсыныс жасаған. Мамыр айында екі жас некесін қидырған. Ал үлкен той карантинге байланысты кейінге қалдырылған. Алайда кейінірек әнші Мақпал Жүнісованың Instagram парақшасында олардың тойындағы бейнероликтер пайда болды. Олар қазір алынып тасталған. Жарияланған видеолар назардан тыс қалмады. Полиция департаменті үйлену тойдың болғанын хабарлады. Нәтижесінде жиналған материалдар тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаментіне берілді. Аталмыш департамент той Алматыдағы мейрамханалардың біреуінде өтті деп күдіктеніп, күдікке ілінген мейрамханаға тексеріс жүргізген. Бірақ мекеме қожайындары бұған қатысы жоқтығын айтты. Олар мейрамхананың логотиптері жарияланған видеоларда көрінбейтінін, ішкі көрінісі де әртүрлі екенін тілге тиек етті. Әншінің отбасы үшін хаттама жасалды ма деген сұраққа, департамент дәлелдемелер болмаса, оны жасау өте қиын болатынын айтты.