Мұғалімдерге алғаш рет 830 мың теңге беріледі
Мұғалімдерге алғаш рет 830 мың теңге беріледі

"Былтыр біз өз тарапымыздан қайтарымсыз негізде әлеуметтік жәрдемақы түрінде 1 миллион теңге мөлшерінде 275 тұрғын үй сертификатын бөлдік. Осы жылы да мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесеміз", - деді әкім.Ол былтыр жұмысын енді бастаған мұғалімдер үшін 350 орындық жас педагогтар үйі салынғанын айтты. Ал биыл "Қазақстан ипотекалық ұйымымен" бірлесіп 1 мың әлеуметтік пәтерді сату туралы келісімге қол қойылған. Бұл баспанаға мұғалімдерден басқа медицина қызметкерлері, полицейлер, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері де үміткер бола алады.