Жаһандық ырым-тыйымдар мен әмбебап әдеп қағидаларының қайнар көзі киелі кітаптарда (Фото)
Жаһандық ырым-тыйымдар мен әмбебап әдеп қағидаларының қайнар көзі киелі кітаптарда (Фото)
Көрнекті ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Жоғары мектеп ғылым академиясының академигі Әділ Ахметов пен педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы басшысы Үмітхан Дәуренбекқызының сұхбатын Newsroom+Ақпарат агенттігі жариялайды. ─ Армысыз аға, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген екен, жалпы дүниежүзіндегі ұлыстардың басым бөлегіне ортақ адамгершілікті насихаттайтын адами қағидалар ең бірінші кітаптан бастау алмай ма, қалай ойлайсыз? ─ Әлем халықтарының басым көпшілігіне ортақ байырғы тыйымдар мен бүгінгі заманауи әдеп қағидалар жүйесінің қалыптасу тарихына тереңірек үңілсек, олардың қайнар көздерінің Алла тарапынан адамзатқа аманат етілген Библия және Құран Кәрім сынды Киелі Кітаптардан және сол кітаптарды өз іргетасына айналдырған жаһандық монотеистік Иудаизм, Христиан және Ислам діндерінен тамыр тартатынына бірден көз жетеді. Өйткені, олай деуге негіз болатын дәйектер мен дәлелдер әлгі аталған дерек көздерінде жетіп артылады. ─Яғни, Алла тарапынан түскен Киелі Кітаптар бөліп-жаруға келмейтін бүкіл адамзатқа ортақ адами қасиеттердің жаршысы дейсіз ғой? ─ Әрине, мысалы, əлемдегі ең байырғы монотеистік діндердің бірі əрі еврей халқының ұлттық жəне этикалық дүние танымдарының негізін құрайтын Яһуди немесе Иудаизм дінінің іргетасы Тəуратта тыйым салынған күнәлардың ішінде мешкейлік, ашкөздік, сары уайымға салыну, ызақорлық, күншілдік, өркөкіректік секілді күнəлар ең алдымен аталады. Сонымен қатар, аталмыш күнәлар таралу кеңістігі жағынан əлемдегі ең іргелі діндердің бірі саналатын Христиан дінінің түпқазығы Библияда да тұр. Сондықтан да Библия оған бас иетін халықтардың өмір сүру салты мен əдет-ғұрыптарының негізі ғана емес, сол халықтардың әдеп-ғұрыптары мен моральдық-этикалық қағидаларының іргетасы саналады. Бұл біріншіден.
Екіншіден, Киелі Кітаптар – Жаратқанның адамзатқа аманат еткен мызғымас ережелері мен əдеп қағидаларының ғана емес, Алланың адамзатқа өсиет еткен қатаң тыйымдар жүйесінің де бірегей қоймасы.
Үшіншіден, Киелі Кітаптарда Жаратқанның адамзатқа өсиет еткен əлгіндей тыйымдық ережелері мен әдеп қағидалары адамдар тарапынан бұзылатын болса, оларды бұзған күнəһарлардың аяусыз жазаланатыны да сан мәрте ескертілген.
Төртіншіден, Киелі Кітаптарда адамзатқа өсиет етілген негізгі моральдық-этикалық ережелер мен əдеп қағидаларының жүйесі Жаратқаннан Мұса Пайғамбарға түскен Тəуратта да, Иса Пайғамбарға түскен Інжіл шәрифте де, Мұхаммед Пайғамбарға түскен Құран Кəрімде де бір-біріне өте ұқсас келеді.
Мəселен, Христиан дінінде адамдардың Құдай алдындағы парыз-борышын адал атқаруға бағытталған жəне міндетті түрде сақталуға тиісті әдеп-тыйым қағидалары мен күнәлардың бір парасы төмендегідей:
- Құдайдан басқаға сыйынуға болмайды;
- жасанды құдай бейнесін жасауға болмайды жəне бұл тыйымды бұзған күнəһарларды Құдай үшінші немесе төртінші ұрпақтарына дейін жазалайды, ал Жаратқан алдындағы борыш-парызын адал атқарғандарды мыңыншы ұрпақтарына дейін жарылқайды;
- Құдайдың атын орынсыз атауға болмайды, өйткені Жаратқанды жөнсіз атағандар жазасыз қалмайды, т.с.с.
- өз өмірлерінің ұзақ болып, Құдай нəсіп еткен жерлерде бақытты ғұмыр кешу үшін, адамдардың, ең алдымен, ата-аналарын Жаратқан өсиетіне сəйкес құрметтеуі – ең басты парыз;
- кісі өлтіру – күнə;
- зинақорлық – күнə;
- ұрлық жасау – күнə;
- адамдардың өз жақындарына жалған куəлік етуі – күнə;
- адамдардың өз жақындарының əйелдеріне көз салуы, сол сияқты, олардың үй-жайларына, егіндігіне, қызметшілеріне, жұмысқа жегетін көліктеріне, тіпті, күллі мал-мүліктеріне көз тігуі де күнəға баланады.
- адамдардың өз денелеріне қандай да бір сурет немесе таңба (тату) салдыруы, болмаса жазу жаздыруы;
- бақсы-балгерлерге жүгінуі, құмалақ аштыруы немесе жұлдызшы-жорамалшыларға жүгінуі;
- шошқа, қоян етін жеу немесе олардың өлексесіне қол тигізу;
- некесіз зина жасап, пəктігінен айырылған қыз баланың күйеуге шығуы, т.с.с.
- Аллаға серік қосу;
- заңсыз адам өлтіру;
- сиқыршылық жасау;
- намазды елемеу;
- зекеттен жалтару;
- ата-ананы тыңдамау;
- өсімқорлықпен айналысу;
- жетімнің мүлкіне қол сұғу;
- ойдан хадистер шығару;