Қазақстан әлемдегі үздік елдердің алдыңғы қатарында
NewsRoom
Қазақстан әлемдегі үздік елдердің алдыңғы қатарында
Қазақстан әлемдегі үздік елдердің тізімінде 66-орында тұр, - деп жазады Newsroom+Ақпарат агенттігі Ranking.kz. сайтына сілтеме жасап.
US News & World Report басылымы жариялаған тізімде Швейцария 1-орында тұр. Сондай-ақ, тізімде Канада, Жапония, Германия және Австралия, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Нидерланды және Норвегия елдері бар.
Рейтинг 9 көрсеткіш негізінде дайындалған екен:
1) кәсіпкерлікті дамыту;2) туристер арасында қаншалықты танымал;3) өз азаматтарына қарым-қатынас (адам құқықтарын қорғау, экология және гендерлік теңдік);4) мәдени әсер;5) тарихи мұра;6) даму әлеуеті;7) бизнес үшін ашықтық;8) әскери күш;9) өмір сапасы.