Бүкіләлемдік рок-н-ролл күні
1954 жылдың 13 сәуірінде американдық әнші Билли Хейли «Rock Around the Clock» композициясын жазған. Сол себепті бұл күні рок-н-роллдың туған күні саналады.
13 сәуірде әлемде болған тарихи оқиғалар
1814 жылы Германияның Гиссен университетінде 13 жастағы Карл Витте философия докторы ғылыми атағын алды. Ол әлі күнге дейін доктор атағын алған ең жас ғалым болып саналады;
1960 жылы Франция Сахара шөлінде ядролық бомба сынағын өткізіп, әлемнің төртінші ядролық державасы атанды;
1962 жылы Ұлыбританияның ең танымал музыкалық The Beatles тобы Star Club клубында алғаш рет өнер көрсетті;
1967 жылы Ұлыбританияның ең танымал The Rolling Stones тобы Польшаның астанасы Варшавада өнер көрсетті.
13 сәуірде Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1944 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігіне қарасты Қазақ КСР сыртқы істер халық комиссариаты құрылды;
1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Черемшан тауық фабрикасы бірінші өнімін берді;
1996 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті жанындағы жоғарғы экономикалық кеңес құрылды;
2005 жылы Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтанда Жапония елшілігі ресми түрде өз жұмысын бастады;
2009 жылы Семейдегі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің жанындағы "Шәкәрімтану" және "Алаштану" ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері мен жаңа тарихи құжаттама орталығының қызметкерлері Шәкәрім Құдайбердіұлының (1858-1931) жаңа фотосуретін тауып алды. Онда қазақ ақынының Шыңғыс тауының баурайында түскен суреті бейнеленген.