Жаңалықтар

Қостанай облысында 10 автобус өртеніп кетті

Қостанай облысында 10 автобус өртеніп кетті

 width= Рудный қаласында автобус паркі өртенді, - деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ІІМ Төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оқыс оқиға 24 тамызда таңғы сағат 04:19-да болған.
"Рудныйдағы №2 өрт сөндіру бөліміне "Рудный Автотранс" ЖШС аумағында өрт шығып жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен мамандар жолаушылар автобусы өртенгенін анықтаған. Олар басқа автобустарды қауіпсіз жерге көшіруді ұйғарды", - делінген хабарламада.
Осылайша, 12 автобус қауіпсізге жерге қойылған. Мамандар өртті толығымен таңғы сағат 05:10-да сөндірген. 10 автобус өртеніп, 2 автобусқа зақым келген.
"Өртті сөндіруге Рудный қаласының №2 өрт сөндіру бөлімінің 2 техникасы мен мемлекеттік емес мекеменің 2 техникасы, 18 маман жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.