Жаңалықтар

Ұстаздарға 280 мыңнан табысталады

Ұстаздарға 280 мыңнан табысталады

 width= Башқұртстан Республикасының Білім министрі Айболат Хажиннің айтуынша биыл Бірыңғай Мемлекеттік Емтихан пандемияға қарамастан өте жоғары деңгейде өткен. Емтиханға биыл 17,9 мың оқушы қатысып, жалпы бітірушілердің 94 пайызын құраған. Мектеп бітірушілердің тең жартысына жуығы республика аумағындағы ЖОО-рына оқуға түсуге ниет білдірген. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 20 пайыздан сәл ғана жоғары болған еді. «Бұл оқушылар өте күрделі кезеңді абыроймен өтті. Оларға пандемия, онлайн сабақтар, БМЕ дайындық және оны ерекше форматта тапсыру қиындықтары түсті. Соған қарамастан олардың қолынан келді. Башқұрт мектептері өте жоғары нәтиже көрсетті. 124 оқушымыз ең жоғары нәтижені көрсетті, бұл өткен жылғыдан 16 адамға артық. Осындай тамаша нәтиже көрсеткен оқушыларға алғыс айтамын. Жоғары балл алған оқушылардың республикамызда қалып, ары қарай білімдерін толықтырғанын қалар едім», -деді білім министрі Айболат Хажин. Бұған дейін Башқұртстан басшысы Радий Хабиров ең жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларды дайындаған ұстаздарға 50 мың рубль немесе теңгеге шаққанда 280 мың теңге табыстайтынын айтқан болатын. Қазіргі таңда 106 мұғалім осы қаржыны алатыны белгілі болды.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ