Тоқаев қазақстандық спортшыны әлем чемпионы атануымен құттықтады
Тоқаев қазақстандық спортшыны әлем чемпионы атануымен құттықтады

"Талантты спортшы Фируза Шәріпованы IBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін өткен бәсекедегі сенімді жеңісімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да табысқа жете беруіңе тілектеспін!", - деді президент.Қазанда өткен кәсіби бокста Фируза Шәріпова IBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақта әлем чемпионы атағына ие болды. Шәріпова (10-1, 5 КО) танзаниялық Хэппи Даудимен (8-6-1, 4 КО) кездесті. Отандық боксшының соққыларына шыдай алмаған Дауди бесінші раундта жекпе-жекті жалғастыра алмайтынын айтты. Осылайша Шәріпова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Бұл - оның он бірінші жеңісі. Ал Хэппи Дауди жетінші рет жеңіліске ұшырады.